⯑ Желшешек тудыратын varicella zoster вирусы.
Бұл вирус ағзаға түскенде бала желшешекпен ауырады. Бұдан кейін аталмыш вирус ағзада мәңгіге қалады, егер адамның иммунитет әлсіресе "опоясывающий лишай" ретінде шығады.
⯑ Бұл вирус ауру адамнан сау адамға жұғады.
⯑ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ:
— Вирус ағзаға түскеннен кейін ауру белгілері 14-16 күн көрініс бере бастайды ( шамамен 10-21 күн ішінде);
— дене қызуы әдетте 37,8 – 38,9*С дейін көтеріледі, кейді 41*С дейін көтерлуі мүмкін;
— қызу, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, бас ауырсынуы, кейде іш ауырсынуы бөртпелер шықпас бұрын 24-48сағат алдын болады;
— бұл симптомдар⯑⯑ бөртпелер шыққан кейін 2-4 күн бойы сақталуы мүмкін;
— бөртпелер әдетте шаш аймағына, бетке, ішке шығып бастайды;
— алғашқыда бөртпелер қызарып тұрады ⯑⯑ содан соң түйіншікке айналады⯑⯑ содан соң көпіршікке айналады;
— бөртпелер қатты қышиды;
— 24-48 сағаттан соң көпіршіктердің ішінде бұлдыр сұйықтық пайда болады;
— алғашқы шыққан элементтер қабыршақтанып түсіп жатқанда, жаңадан бөртпелер шыға бастайды;
— бөртпелер әдетте кеудеде, іште және аяқтар мен қолдардың жоғарғы жақтарында орналасады;
— ауыз қуысында және қынаптың ішінде жаралар шығады;
— тері аурулары бар балаларда ветрянка ауыр өтуі және бөртпелер өте көп болып, бактериалды инфекция қосылуы мүмкін.
⯑ ДИАГНОСТИКАСЫ:
— желшешекті негізі бөртпелерге қарап қиындықсыз диагноз қоюға болады
— бірақ кейбір кезде бөртпелерден "мазок" алуға тура келеді
— ПЦР ға қан тапсыру
— ИФА арқылы ағзада вирусқа қарсы иммуноглобулиндер түзелгенін көру
⯑ЕМІ:
— желшешек кезінде әдетте қышынуды басу үшін препараттар тағайындалады: Каламин лосьон немесе ол табылмаса Циндол мазь. Бөртпелердің үстінен күніне 3-4 рет жағып қою керек.
— бөртпелерді қасып, инфекция түсірмеу үшін желшешекпен ауырып жатырған баланың тырнақтарын қысқа қылып қиып тастау керек.
— қызуын басу үшін детский Парацетамолды баланың салмағына сай есептеп беруге болады. Ветрянка кезінде Ибуфен қолданылмайды.
— иммунитеті әлсіз балаларға әсері дәлелденген вирусқа қарсы препарат тағайындалады (атауын жазбаймын, өз беттеріңізше емдемеу үшін)
⯑ АСҚЫНУЛАР:
— әдетте кішкентай балаларда асқынулар өте сирек болады, ветрянка жеңіл өтеді
— бірақ асқынулар болмайды деп ешкім кепілдік бере алмайды
Асқынуларға бактериалды инфекциялар, энцефалит, мидың зақымданулары, пневмония, пурпура, асқазан-ішек жолдарынан қан кету.
‼️ ЕСКЕРТУ ‼️
- Бөртпелерді "зеленкамен" жағудын еш пайдасы жоқ, ол атам заманында қолданылған әдіс, өкінішке орай қазір де кейбір әріптестерім зеленка пайдалануды ұсынады. Алайда зеленка қышуын баспайды, онсыз да аурып, мазасы кетіп жатырған баланың түрін бұзады, киімге, жиһазға жағылып қалады.
- Желшешекке шалдыққан баланы суға түсіруге болады! Суға түсіру керек! Тек баланың денесін ысқылуға, мочалка қолдануға мүлдем болмайды!
- Желшешекпен ауырған баланы үйден шығармай, карантинде отыру керек! Үйге де ветрянкамен ауырмаған адамды келтірмеу керек! Далаға шығаруға болады, бірақ адамдарда алыс жүру керек☝️ Осы ережені 3 апта бойы сақтаған жөн! Өйткені ветрянка 99% ветрянкамен ауырмаған адамға жұғады.
⯑ АЛДЫН АЛУ:
— Дертті адамдарға жоламау;
— Қолдарыңызды үнемі сабындап жуып жүрі;
— Желшешекке қарсы екпе жасау (Варилрикс немесе Варивакс) ⯑⯑
Материал инстаграммдағы Емхана парақшасынан көшірілген