Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Жұрт бұл күні ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе, осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі айрықша көрініп тұрады.  

  

  Бір жеріміз ауыра қалса алып ұшып кімге барамыз? Әрине, емханаға, дәрігерге жүгіреміз. Солардан көмек сұраймыз. Ал жылына бір келер айшықты мерекеде тіршілікке күретамыр болған ізгішуақ жандарды мерекесімен құттықтау игі дәстүрге айналса құба-құп. Өмірге сән, тіршіліккке нәр беріп, қоғамға қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі қашанда сый-құрметке лайық. Осындай азаматшалар арамызда, олар: Емхананың бас мейірбикесі Нұргүл Тургазиновна Ұзақова, аға мейірбикелер К.Абдрахманова, Р.Наубетжанова, Г.Кабытаева, Н.Шакенова. Және аты аталмай кеткен көптеген адал еңбекқор жандардың мейрамы.

 Бұл арада, жақында арамыздан кеткен мейрбике Жаманшалова Төлеш Қадесбековнаны ерекше атап өткен жөн. Ақырға дем бергенше ол бар күш-қайратын ортақ ісімізге жұмсаған. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу бағытындағы скринингтік тексерулер, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері, науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі шынында ұшан-теңіз.

Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтай отырып, «ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер» деген тілектеміз.

Зор ілтипатпен Емхана әкімшілігі!