Бүгін, 1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні біздің емханамызда қызықты акция өтті. Кенеттен, кезегін күтіп отырған пациенттер әйгілі американдық анимациялық кейіпкер "Микки-Маус" киіміне киінген екі медбикемізге көңіл аударды. Олар емханаға келушілердің көңіл-күйін көтеріп, әртүрлі сыйлықтарды үлестірді, әсіресе кішкентай бөбектер разы болып қалды! "Микки-Маустар" біраз үйлерді аралап, тұрғындарды құттықтап шықты. Бұндай шаралар адамдардың медициналық ұйымдарға жүгінуін жеңілдетіп, сергектік қуатын толықтырады және тез жазылуына септігін тигізеді.