Klinika1
  • БАСТЫ БЕТ
  • БІЗ ТУРАЛЫ
    • Медициналық ұйым туралы
    • Мақсаты мен міндеттер
    • Әкімшілік
    • Қызметтері
    • Лицензиялар мен сертификаттар
    • Бізбен байланыс
  • НОРМАТ.-ҚҰҚЫҚТЫҚ БАЗА
  • БӨЛІМШЕЛЕР
  • ПАЦИЕНТКЕ
    • Емханаға азаматтардың еркін тіркелуі
    • Ақылы қызметтер
    • Пациент құқықтары
    • Пациент міндеттері
    • Пациенттерге ақпарат
    • Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі
    • Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде емдік өнімдердің тізімі
    • Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған ақпарат
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ГАЛЕРЕЯЛАР
  • СҰРАҚ-ЖАУАП
  • ҚОНАҚ
    • Бас дәрігердің блогы
    • Алғыс - Пікірлер
  • МІНД.ӘЛЕУМ.МЕД.САҚТ.
  • ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ !
  • АНТИТЕРРОР ЖАДЫНАМА
    • Қылмыскер сізді кепілге алса
    • Жалпы инфографика
    • Жарылғыш құрылғының белгілері
    • Терроризм актісінің қаупі төнген жағдайда халықтың іс - әрекеті
    • Сізге терроризм актісі туралы хабарлама келіп түскен кезде
  • Печать
  • E-mail

Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру
Осы Заң азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.   
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
      2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – осы Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
      3) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
      4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
      6) денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу – медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау, таңдау, шартын жасасу және орындау;
      7) жарналар – осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
      8) қордың активтері – аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс және қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген қаражатты қайтаруға бағытталған қаражатты шегергенде, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер;
      9) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия (бұдан әрі – біріккен комиссия) – клиникалық хаттамаларды, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету стандарттарын, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесінің стандарттарын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау үшін құрылатын уәкілетті органның жанындағы консультациялық-кеңесші орган;
      10) медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
      11) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы – осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алуға құқығы бар жеке тұлға;
      12) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
      13) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
      14) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
      15) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мерзімі (бұдан әрі – сақтандыру мерзімі) – қатысу өтілінде үзіліс болған кезде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығы сақталатын кезең;
      16) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі (бұдан әрі – қатысу өтілі) – аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған кезең;
      17) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға.
      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
      1. Осы Заң міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қоғамдық қатынастарға қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ оралмандар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады.
      3-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік
              медициналық сақтандыру туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
      4-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
              қағидаттары
      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру:
      1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын сақтау және орындау;
      2) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудің міндеттілігі;
      3) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
      4) көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі және сапасы;
      5) қордың активтерін тек қана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге пайдалану;
      6) қор қызметіндегі жариялылық қағидаттарына негізделеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-бап 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 13.11.2015 № 405-V Заңымен.
      5-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
              жүйесіндегі медициналық көмекке құқық
      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде аударымдарда және (немесе) жарналарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кемінде екі ай өздеріне аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған;
      2) оқу аяқталған жылдан кейінгі жылдың күнтізбелік он екі айы өткенге дейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алған;
      3) осы Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған азаматтардың құқығы бар.
      2. Төлеушілердің қатысу өтілінде үзіліс болған жағдайда оларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету сақтандыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
      3. Қорға аударымдары және (немесе) жарналары түспеген не қорға жарналар төлемеген азаматтарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-бап 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 13.11.2015 № 405-V Заңымен.
      6-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
              жүйесінде денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқығы
      1. Азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымын таңдауға құқығы бар.
      Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымына бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
      2. Азаматтардың жоспарлы медициналық көмек алу жағдайларында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
      3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдау құқығы азаматтарда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқық алған кезден бастап туындайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-бап 01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 13.11.2015 № 405-V Заңымен.
      7-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
              жүйесіндегі медициналық көмек
      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:
      1) мыналарды:
      алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтынтізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
      2) уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмектіқоспағанда);
      3) алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
      4) жоғары технологиялы медициналық қызметтер ұсынылады.
      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету:
      белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және арнайы емдік өнімдердің уәкілетті орган бекітетін тізбесіне сәйкес – амбулаториялық-емханалық көмек;
      медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес – стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
      3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін біріккен комиссияның ұсынымдарын ескере отырып уәкілетті орган әзірлейді.
      8-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
              қаражатының сақталуын қамтамасыз ету
      1. Мемлекет қор активтерінің сақталуына кепілдік береді.
      2. Қор активтерінің сақталуы:
      1) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы қордың қызметін реттеу;
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
      3) қордың активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есепке алу;
      4) қордың меншікті қаражаты мен активтерін бөлек есепке алуды жүргізу;
      5) жыл сайынғы тәуелсіз аудит жүргізу;
      6) қордың тұрақты қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуы;
      7) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін айқындау арқылы қамтамасыз етіледі.
2-тарау. Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Жүйесін Мемлекеттік Реттеу
 9-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін
мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар
      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін мемлекеттік реттеуді:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астанының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
      Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекітеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қорды құру, қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешімдер қабылдайды;
      3) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін айқындайды;
      4) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерлерін белгілейді;
      5) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      11-бап. Уәкілетті органның құзыреті
      Уәкілетті орган:
      1) аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді және айқындайды;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен ондағы сақтандыру мерзімін есептеу тәртібін әзірлейді және айқындайды;
      2-1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
      3) қордың күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервтерінің мөлшерін әзірлейді;
      4) қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлейді;
      5) қордың қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін, қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсынысты жыл сайын әзірлейді;
      6) қордың активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
      7) бақылау функцияларын қамтамасыз ету үшін қордың қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;
      8) қордың қаржылық орнықтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      10) қордың қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
      11) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың
және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары:
      1) азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің жоспарлануын қамтамасыз етеді;
      3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тыс жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына ел ішінде жол жүру ақысын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша төлейді;
      4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республиксының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-Тарау. Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Жүйесіне қатысушылар
 13-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру                жүйесіне қатысушылар
      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар:
      1) төлеушілер;
      2) медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар;
      3) денсаулық сақтау субъектілері;
      4) уәкілетті орган;
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      6) қор;
      7) Мемлекеттік корпорация;
      8) өзге де уәкілетті органдар болып табылады.
      14-бап. Төлеушілер
      1. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, осы Заңның 6-тарауында белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер аударымдарды төлеушілер болып табылады.
      2. Жарналарды төлеушілер:
      1) мемлекет;
      2) жұмыскерлер;
      3) дара кәсіпкерлер;
      4) жекеше нотариустар;
      5) жеке сот орындаушылары;
      6) адвокаттар;
      7) кәсіби медиаторлар;
      8) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
      3. Жұмыскерлердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды жұмыс берушілер жұмыскерлердің кірістері есебінен жүзеге асырады.
      4. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және қорға аударуды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенті) осындай жеке тұлғалардың кірістері есебінен жүзеге асырады.
      5. Төлеушілердің:
      1) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға;
      2) аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы қажетті ақпаратты қордан сұратуға және тегін алуға;
      3) осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
      6. Төлеушілер (жұмыскерлерді және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды қоспағанда):
      1) аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды уақтылы және толық көлемде есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға;
      2) қорға төленетін аударымдардың және (немесе) жарналардың мөлшерлерін есептеу мен қайта есептеуді дербес жүзеге асыруға міндетті.
      7. Жұмыс берушілер, салық агенттері жұмыскерлерді және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды жұмыскерлердің және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың ай сайынғы жүргізілген аударымдары, сондай-ақ ұстап қалған және аударылған жарналары туралы хабардар етуге міндетті.
      15-бап. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар
      1. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың:
      1) уақтылы және сапалы медициналық көмек алуға;
      2) осы Заңға сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар.
      2. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген пациенттердің құқықтарын пайдаланады.
      3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 90 және 92-баптарында көзделген міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқарады.
      16-бап. Денсаулық сақтау субъектілері
      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілерінің:
      1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін басқа да денсаулық сақтау субъектілерімен қордың келісуі бойынша шарттар жасасуға;
      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын түсіндіру үшін қорға өтініш жасауға құқығы бар.
      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына деректерді енгізудің уақтылығын, анықтығын және дұрыстығын;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті;
      3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы қордың сұрау салуы бойынша беруге;
      4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу үшін медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымға қордың талап етуі бойынша кіруді қамтамасыз етуге міндетті.
      3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау субъектілері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді атқарады.
      17-бап. Мемлекеттік корпорация
      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттік корпорация:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірлері негізінде аударымдарды және (немесе) жарналарды есепке алуды жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді;
      2) аударымдарды және жарналарды қорға банктік үш күн ішінде аударады;
      3) аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдардың қате есепке жатқызылған сомаларын қайтаруды жүзеге асырады;
      4) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қайтару қажет болған жағдайда, бұл туралы төлеушілерге хабарлайды;
      5) аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын осы қаражат қордан Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған күннен бастап банктік үш күн ішінде төлеушілерге аударуды жүзеге асырады;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, аударымдар мен жарналардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;
      7) өз құзыреті шегінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарын жүргізеді және жаңартып отырады.
      2. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
4-Тарау. Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Қоры
18-бап. Қордың мәртебесі мен активтері
      1. Қор жалғыз құрылтайшысы мен акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын, акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2. Қордың органдары:
      1) жоғары орган – жалғыз акционер;
      2) басқару органы – директорлар кеңесі;
      3) атқарушы орган — басқарма;
      4) қордың жарғысына сәйкес өзге де органдар болып табылады.
      3. Қор ішкі аудит қызметін құрады.
      4. Қордың активтері:
      1) аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс;
      2) қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
      5. Қордың активтері тек қана мына:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі шығыстар мен іс-шараларға ақы төлеу;
      2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы құралдарына орналастыру;
      3) аударымдардың және (немесе) жарналардың артық төленген сомаларын, қате есепке жазылған өзге де қаражатты қайтару мақсаттарына пайдаланылуы мүмкін.
      6. Қордың активтері:
      1) кепіл нысанасы бола алмайды;
      2) оларды кредиторлардың талабы бойынша өндіріп алуға болмайды;
      3) мүлікке тыйым салу немесе өзгеше түрде ауыртпалық салу нысанасы бола алмайды;
      4) оларды қордың және үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша инкассолық өкіммен өндіріп алуға болмайды;
      5) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды сенімгерлік басқаруға беруге болмайды;
      6) мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы бола алмайды.
      19-бап. Қордың қызметі
      1. Қор өзінің қызметін қордың активтерінен алынатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады. Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      2. Қордың меншікті қаражаты (мүлкі) қордың жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және содан тұрады.
      3. Қор мемлекеттік монополияға жататын мынадай қызмет түрлерін:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде түсетін қаржы қаражатын жинауды;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектілері арасында осындай қаржы қаражатын бөлуді жүзеге асырады.
      4. Қор мемлекеттік монополиямен технологиялық байланысты мынадай қызмет түрлерін:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізуді;
      3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ақпараттық жүйесі мен электрондық ақпараттық ресурстарын құруды және дамытуды жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
      6. Қордың қызметіне осы Заңда реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасықолданылады.
      20-бап. Қордың құқықтары мен міндеттері
      1. Қордың:
      1) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қордың активтерінен комиссиялық сыйақы алуға;
      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттаманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылардан сұратуға және алуға;
      3) медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісіне бару арқылы көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыруға;
      4) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер құруға;
      5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек тізбесін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға;
      6) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарының арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2. Қор:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақтылы ақы төленуін қамтамасыз етуге;
      3) қордың уақытша бос тұрған қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
      4) жыл сайынғы тәуелсіз аудиттің жүргізілуін қамтамасыз етуге;
      5) аударымдардың, жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтаруды жүзеге асыруға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтер қалыптастыруға;
      7) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке жұмсалатын шығындарды жоспарлауға;
      8) денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге;
      9) азаматтар мен денсаулық сақтау ұйымдарының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі шағымдары мен өтініштерін қарауға;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
      3. Қор:
      1) осы Заңда көзделген жағдайлардан басқа, қордың активтеріне билік етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысуға құқылы емес.
      21-бап. Қордың инвестициялық қызметі
      1. Қор инвестициялық қызметті қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын сенімгерлік басқару шартының негізінде қордың активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы қаржы құралдарына орналастыру арқылы жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес шоттардың және инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті қорға тоқсан сайын ұсынады.
      22-бап. Есепке алу және есептілік
      1. Қор Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепті жүргізеді және қаржылық есептілікті қордың меншікті қаражаты мен активтері бойынша бөлек ұсынады.
      2. Қор бухгалтерлік есепте және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі және оларды сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
      23-бап. Қордың аудиті
      1. Қордың аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым жүргізеді.
      2. Қордың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
      3. Қордың жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
      1) қордың қаржылық есептілігі бойынша;
      2) қордың активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
      Қордың активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкескестік тұрғысында қор активтеріне қатысты бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін тексеруді қамтиды.
      Қордың жыл сайынғы аудиті бойынша шығыстар қордың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      24-бап. Қордың басшы жұмыскерлеріне қойылатын талаптар
      1. Атқарушы органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары қордың басшы жұмыскерлері болып табылады.
      2. Қордың басшы жұмыскерлеріне мынадай талаптар белгіленеді:
      жоғары кәсіптік (медициналық немесе қаржылық-экономикалық) білімінің болуы;
      бағалы қағаздар нарығындағы және қаржы нарығында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардағы кәсіптік қызметпен тікелей байланысты басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің не квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі не мемлекеттік қызметте кемінде он жыл өтілінің, оның ішінде мемлекеттік органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл не денсаулық сақтау саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
      3. Мыналар:
      1) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
      2) бұрын осы адам заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері лауазымында болған кезеңде банкрот деп танылған немесе санацияға, консервацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның бірінші басшысы, бірінші басшысының орынбасары, бас бухгалтері болған адам қордың басшы жұмыскері бола алмайды.
5-Тарау. Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Жүйесін қаржыландыру
25-бап. Қаржыландыру көздері
      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландыру көздері:
      1) аударымдар мен жарналар;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер болып табылады.
      26-бап. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық
               сақтандыруға жарналары
      1. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары осы Заңның 28-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 14) және 15) тармақшаларында аталған азаматтар үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалатын тәртіппен ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде ай сайын төленеді.
      Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне төленбейді.
      2. Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
      2017 жылғы 1 шілдеден бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 5 пайызы;
      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы;
      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
      4. Осы Заңның 28-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтар үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару кезінде мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын төлеу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тоқтатылады.
      27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
               аударымдар
      1. Жұмыс берушілердің қорға төленуге жататын аударымдары:
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3 пайызы;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген, кіріс түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
      3. Жұмыс берушілер осы Заңның 28-бабының 4-тармағында көрсетілген азаматтар үшін аударымдар төлеуден босатылады.
      28-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға
               жарналар
      1. Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төленуге жататын жарналары:
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 3 пайызы;
      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы;
      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 7 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      3. Жұмыскерлердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың осы Заңның 29-бабына сәйкес есептелген кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
      4. Мына азаматтар қорға жарналар төлеуден босатылады:
      1) балалар;
      2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
      3) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектері;
      4) мүгедектер;
      5) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
      6) интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;
      7) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
      8) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
      9) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
      10) зейнеткерлер;
      11) әскери қызметшілер;
      12) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
      13) құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
      14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
      15) уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.
      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      29-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін
               қабылданатын кірістер
      1. Уәкілетті орган айқындайтын, аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
      2. Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген шегерімдер ескеріле отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған кірістері олардың кірістері болып табылады.
      3. Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен бір жалақы мөлшері шағын бизнес субъектісіне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының және (немесе) мүшесінің кірісі болып табылады.
      4. Заң көмегін көрсеткені, нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін тиісінше төлемақыны, сондай-ақ қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің алынған сомаларын қоса алғанда, атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметті, нотариаттық, адвокаттық қызметті, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асырудан алынған барлық кіріс түрлері жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістері болып табылады.
      5. Уәкілетті орган айқындайтын, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғаның кірістері болып табылады.
      6. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
      Егер күнтізбелік ай үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төмен мөлшерінен аз болса, аударымдар және (немесе) жарналар жалақының ең төмен мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
6-тарау. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару
30-бап. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу
               (ұстап қалу) және аудару
      1. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
      2. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай шарттар жасасқан салық агенттері ай сайын жүзеге асырады.
      3. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеуді және төлеуді қаражатты қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы тікелей есепке жатқызу жолымен өздері жүзеге асырады.
      4. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.
      5. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
      6. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы:
      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
      2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
      3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасындакөзделген тәртіппен және мерзімдерде;
      4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
      5) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасындапатент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде аударады.
      7. Банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн – қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні, төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күні қолма-қол ақша нысанында жүзеге асырылатын аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу күні болып есептеледі.
      8. Аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлды төлеудің толықтығын және уақтылығын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
      31-бап. Төлеушінің аударымдарды және (немесе) жарналарды
               уақтылы аудармағаны үшін жауаптылығы
      1. Аударымдардың және (немесе) жарналардың уақтылы аударылмаған сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады және оларды төлеуші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әр күн үшін (қорға төлеген күнді қоса алғанда) есептелген өсімпұлмен бірге қордың шотына аударуға тиіс.
      2. Аударымдар және (немесе) жарналар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан өндіріп алуға құқылы.
      Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен төлеушіге хабарлама жіберіле отырып, мемлекеттік кіріс органының инкассолық өкімі негізінде жүргізіледі.
      Егер аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, мұндай хабарлама жіберілмейді.
      Төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жұмыскерлердің тізімін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органына ұсынуға міндетті.
      Төлеушіге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, банк төлеушінің ақшасын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.
      Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассолық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында жүргізіледі.
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң төлеуші аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеуші жұмыскерлердің тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
      Мемлекеттік кіріс органдарының өкімі бойынша банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, мемлекетті қоспағанда, төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға және аударымдарды және (немесе) жарналарды аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.
      Мемлекеттік кіріс органдарының банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерінің күшін осындай өкімдерді шығарған мемлекеттік кіріс органы банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
      4. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына осы сомалар төлеушінің банктік шотынан есептен шығарылған күні аударуға міндетті.
      5. Төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Осы баптың мақсаты үшін аударымдарды төлеушілер, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар төлеуші деп түсініледі.
      32-бап. Жүргізілген аударымдар туралы хабарлау
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жұмыс беруші болып табылатын төлеуші есепке жазылған аударымдар және (немесе) жарналар жөніндегі мәліметтер көрсетілетін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде табыс етеді.
      2. Декларацияның нысаны және оны жасау тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.
      3. Жұмыс берушілер уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес әрбір жұмыскер бойынша есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдарды және (немесе) жарналарды бастапқы есепке алуды жүргізуге міндетті.
      4. Жұмыс беруші аударымдар және (немесе) жарналар төленетін жұмыскерлерге есептелген (ұстап қалған) және аударылған аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
      33-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қате  төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару
      Төлеуші қате төлеген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайтарылуға жатады.
7-тарау. Денсаулық сақтау Субъектілерінен Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру Жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу
34-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қор уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мынадай:
      1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кірістерінің медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелермен теңгерімділігі;
      2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      3) денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі;
      4) адал бәсекелестік;
      5) медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен тиімділігі қағидаттарының негізінде жүзеге асырады.
      2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде:
      1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен;
      2) көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылған айдың алдындағы үш жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз тиісті медициналық көмек ұсыну тәжірибесі бар денсаулық сақтау субъектілері басым құқыққа ие болады.
      3. Денсаулық сақтау субъектілері, егер:
      1) қордың шешім қабылдау құқығы бар лауазымды адамы (не оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары) олардың құрылтайшысы, қатысушысы не акционері болып табылса;
      2) алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын қор орындалмауына, уақтылы не тиісінше орындалмауына байланысты біржақты тәртіппен бұзған болса;
      3) алдыңғы үш жыл ішінде жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты денсаулық сақтау субъектісінің бастамасы бойынша біржақты тәртіппен бұзылған болса;
      4) денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса;
      5) денсаулық сақтау субъектілері заңды тұлғаның қызметі туралы анық емес деректерді және (немесе) жалған мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жіберілмейді.
      35-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты
      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға осы Заңға сәйкес денсаулық сақтау субъектісі мен қор арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге жүргізілген сатып алу қорытындылары бойынша жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарымен ұсынылады.
      36-бап. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті               әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде              медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін               қызметтеріне ақы төлеу
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу көрсетілген қызметтер актілерінің негізінде, уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша және:
      1) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі жөніндегі шарттық міндеттемелерді бақылау нәтижелері;
      2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері;
      3) азаматтардың осы Заңның 6-бабында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау субъектісін таңдау құқығын іске асыруы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
      2. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптары негізінде қор активтерінің есебінен жүзеге асырылады.
      3. Денсаулық сақтау субъектілері қордан көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделмеген өз шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы емес.
      37-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру               жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын қамтамасыз ету
      1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтер сапасы:
      1) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамалар мен алгоритмдерді жетілдірумен;
      2) медициналық ұйымдарды аккредиттеумен;
      3) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының ішкі сараптамасымен;
      4) медицина жұмыскерлеріне қосымша білім берумен;
      5) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылаумен қамтамасыз етіледі.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету шаралары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленеді.
      38-бап. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу               негіздері және тәртібі
      1. Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын орындамауы, уақтылы немесе тиісінше орындамауы қордың біржақты тәртіппен оны бұзуы үшін негіздер болып табылады.
      2. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға сондай-ақ:
      1) денсаулық сақтау субъектілерінің осы Заңның 16-бабы 2-тармағының талаптарын орындамауы;
      2) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының талаптарын елеулі түрде бұзуы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген өзге де жағдайлар негіз болып табылады.
      3. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзу осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, шартты бұзу туралы тиісті хабарлама жіберу арқылы жасалады.
      4. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты осы бапта көзделген негіздер бойынша бұзылған жағдайда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарт бойынша міндеттемелердің орындалмаған (тиісінше орындалмаған) көлеміне қайтадан жүргізіледі.
8-тарау. Өтпелі және қорытынды ережелер
39-бап. Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік               медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      40-бап. Өтпелі ережелер
      2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылатын болып белгіленсін:
      «1) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (осы кезеңде аударымдарда және (немесе) жарналарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) кемінде алты ай өздеріне аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған;».
      41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
      Осы Заң, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 5, 6 және 7-баптарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев

Add new comment
  • Печать
  • E-mail

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті.

Қазіргі кезде сыбайлас  жемқорлық  әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Терминология. 

«Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді.

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет атап өтті. Жастар,  сендердің жалпы күрделі мәселелерді шешуге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты жеңуге де қажет білімдерің жетерлік. Сендердің жемқорлыққа қарсы күресуге негізделген қызығушылықтарың да бар.

Жемқорлықтың жіктемесі

 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «...жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара  ұсыну жолымен сатып алуы».

БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану.

Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара  алу не беру болып табылады.

Пара дегеніміз не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа бір тұлғадан лауазымына қатысты көрсететін  қандай да бір қызмет түріне берілетін ақша немесе өзге игіліктерді алуы. Бұл жағдайда көрсетілген ақша мен игіліктерді әрдайым парақордың  жеке өзі алмайды, оларды көбіне оның жақын адамдарына немесе жасанды жалған ұйымдарға ұсынады. Пара деп саналатын нәрселер:

Заттар – ақша, оның ішінде валюта, банк түбіртектері мен құнды қағаздар, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, саяжайлар мен қала сыртындағы үйлер, азық-түліктер, тұрмыстық техника мен аспаптар, өзге тауарлар,  жер учаскелері және  өзге жылжымайтын мүлік.

Қызмет түрлері және олжа – емделу, жөндеу және құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар, шетелдік сапар, ойын-сауықтар мен басқа шығындарды  өтеусіз немесе  төмен бағамен төлеу.

Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?

Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:

-         «Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім».

-         «Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?»

Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.

Жете түсініп көруге тырысайық. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз.  Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  

Егер мемлекеттік қаражатты сыбайлас жемқорлық тәсілмен бөлсе, не болар еді?

Мысалы: Мемлекеттік орган аурухана салу немесе оны жөндеуден өткізуге келісімшарт жасасады. Шарт жасасу кезінде жеке мемлекеттік қызметкер шартты онымен «сенімдік қарым-қатынасқа» түскен фирма өкілдеріне ұсыну үшін олардан пара алады. Бірақ та бірде бір фирма параға кеткен шығындар есебінен өзіне залал келтіре отырып жұмыс жасамайды. Сондықтан «рұқсат» алған мұндай фирма жұмыстың және қолданатын материалдардың сапасын төмендетеді, оған қоса олардың құнын көтеріп жібереді. Соңында  тек қоғам зардап шегеді.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай,  сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы - сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал  келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

Бұл әлеуметтік қауіпті құбылыспен күресудің өзектілігі бірқатар жағдайларға негізделген:

● сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің шындап бұзылуына әсер етеді;

● сыбайлас жемқорлық қылмыстың субъектілері әдетте жоғары қоғамдық жағдайда болады;

● әбден жетілдірілген зияткерлік тәсілдермен айналысу; бұл құбылыс әртүрлі жағдайларға үздіксіз өзгере және жетілдіріле отырып бейімделеді;

● осы іс-әрекет келтіретін үлкен материалдық және моральдық шығын;

● ерекше беймәлімсіздік – бұл құбылыс туралы толық деректің немесе көрнекі дәлелдің жоқтығы, қылмыстық сотқа тартылатын кінәлі тұлғалардың аздығы және олардың тек бірен-саранына ғана шынайы қылмыстық жаза қолданылуы;

● сыбайлас жемқорлық тек жасырын сипатта ғана емес, сонымен қоса келісімді түрде жасалады, қағида бойынша ол өз артынан шағым тудырмайды, өйткені кінәлі тараптар заңсыз жасалған мәміледен өзара тиімді пайдаға ие болады;

● сыбайлас жемқорлық  әрекеттер әдетте кәсіби емес адамның тексеріп қарауына қиын соғатын күрделі өзіндік және құпия мемлекеттік қызмет түрлерінде жасалады;

● сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімді жойдырады, оның беделін түсіреді;

● аталмыш құбылыс мемлекеттік өкімет құрылымдарында тез тарайды;

● шын мәнісінде, заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар сыбайласқан лауазымды тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің объектісі бола алады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мүмкін бе?

Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болып келеді.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік  түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді.

Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді. 

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегиямен  белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары мынадай:

● мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану;

● қоғамдық бақылау институттарын енгізу;

● мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау;

● құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

● сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;

●  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар

Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемлекет Басшымыз бәрімізде тек бір уайым – қазақстан халқының амандығы

және бір мақсат – Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан  атап көрсетеді.  Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсарып келеді.

Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды  қолдану туралы тапсырмалар берді.

Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады,өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез келген қарым-қатынасы, бір жағынан, сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты.  

Сыбайластық жемқорлықпен күрес мыналардың негізінде жүзеге асырылады:

● заң мен сот алдында бәрі тепе-тең;

● мемлекеттік органдар қызметін нақты құқықтық реттеумен (регламенттеумен) қамтамасыз ету, аталмыш қызметтің заңдылығы мен жариялылығы, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылау жасау;

● жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, ұйымдастыру-басқару жүйелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдылығы;

●  жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қайта қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және алдын алу;

● сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылармен күресуге жәрдемдескен азаматтардың жеке қауіпсіздігін және оларды ынталандыруды қамтамасыз ету;

● мемлекеттің мемлекеттік қызметті орындауға уәкілетті және оған теңестірілген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауы, аталмыш тұлғалар мен олардың отбасыларының лайықты өмір сүрулері үшін бұл тұлғаларға еңбекақы (ақшалай қолдау) мен жеңілдіктер тағайындау;

● жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметтерін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың өкілеттіктерін делегирлеуді болдырмау, сондай-ақ оларға бақылау мен қадағалау жүргізу.

Қолданылған әдебиеттер:

● Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» заңы

● Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы

● Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері туралы» заңы

● ҚР Елбасының «Қазақстан:2050» жолдауы

● Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

● «НұрОтан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы

● «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігінің жаңа идеологиясы туралы», (Астана, 2014ж).

Add new comment
  • Печать
  • E-mail

Add new comment
  • Печать
  • E-mail

Add new comment
  • Печать
  • E-mail

Add new comment
  1. Терроризм актісінің қаупі төнген жағдайда халықтың іс - әрекеті
  2. Сізге терроризм актісі туралы хабарлама келіп түскен кезде

Страница 4 из 5

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • ...
  • Вы здесь:  
  • Главная
  • АНТИТЕРРОР ЖАДЫНАМА
 Қазақша Қазақша
  • Русский Русский
ПосланиеКаз
ПравилаКаз
ОбслужТерритКаз
ЗаписНаПриемКаз
ГрафРабСпецКаз
ГрафШколКаз
ВызовВрачаКаз
КалендарКаз

Алғыс - Пікірлер

Login Form

  • Забыли логин?
  • Забыли пароль?

Наверх

© 2018 Klinika1