COVID-19 талдауының оң нәтижесін алған жағдайда сабыр сақтауыңызды және келесі ережелерді сақтауларыңызды сұраймыз:

✔️ Үйде болыңыз, ешқайда шықпаңыз;

✔️ Отбасының әр мүшесі жеке тазалық заттарын, ыдыс-аяқ және т.б. қолдансын;

✔️ Түшкіргенде және жөтелгенде ауыз бен мұрын жабылсын, вирусты таратпас үшін бір реттік сүлгілерді қолданған абзалырақ.

✔️ Отбасының кез келген мүшесінің дене қызуы көтерілгенде немесе жайсыздық сезімдері пайда болған жағдайда 1406 телефон нөмірі бойынша COVID-19 колл-орталыққа хабарласыңыз немесе 103 телефон нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз:

Емхана дәрігері аурудың белгілерінің бар-жоқтығына байланысты енгізу тактикасын анықтайды.

Аурудың клиникалық белгілері жоқ адамдар үйде біздің емханамыздың дәрігерінің қашықтықтан бақылауында болады.

Бұл алгоритмді сақтау Сізге қажетті медициналық көмек уақтылы көрсетілуі үшін қажет!

Дене қызуы көтерілген жағдайда үйден шықпаңыз, 103 телефон нөмірі бойынша «Жедел жәрдем» шақырыңыз.

Әкiмшiлiк