Печать

Пациент осы Кодекстің 90-бабында көрсетілген міндеттерден басқа:

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

  2. медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;

  3. диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, медициналық араласуға келісім бергеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;

  4. медициналық ұйымның ішкі тәртібінің қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмек алу кезінде медицина персоналымен ынтамақтастықта болуға;

  5. диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік пайда болған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлерін уақтылы хабардар етуге;

  6. басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-әрекеттер жасамауға;

  7. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға;

2 және 4 пункттерде көрсетілген емделушілердің міндеттері, стационардағы ем қабылдаған баланы  күтіп жатқан  ата-аналар немесе басқа тұлғаларға арналған.