Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелді.


      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:


      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 23.12.2015 № 998 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


      1. Қоса беріліп отырған Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидалары бекітілсін.


      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.


      3. Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:


      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;


      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;


      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.


      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.


      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                                             

    Ғимаратқа кіру мүгедектер          Емделушілер қозғалысына                      Мүмкіндігі шектеулі

     арбаларына арналған                      көмек көрсету үшін                            мүгедектерге арналған
 пандустармен жабдықталған     кіреберісте тіркеу қызметкерлерін              әжетханалар да бар
                                                           шақыру тетігi орналасқан.                             

   

                                       

    Емхана ғимаратының                       Бірінші және соңғы
 алдында тұрақ орындары                баспалдақ жолы қанық
     қарастырылған.                                   түспен боялған.