Құрметті Семей қаласының тұрғындары және қала қонақтары! 

Сайтымызға қош келдіңіздер!  

        Денсаулық әлі күнге дейін өмірдің барлық артықшылықтарын асып түсіреді,

шынымен салауатты қайыршы ауру патшаға қарағанда әлдеқайда бақытты. 

 — Артур Шопенгауэр

 

 ШҚО Денсаулық сақтау Басқармасы «Семей қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК 2008 жылы амбулаториялық-консультациялық орталық және жедел жәрдем қызметтерін біріктіру арқылы ұйымдастырылды. Емхананың ғимараты 1977 жылы пайдалануға берілді.

 Емхана Семей қаласының Мемлекеттік университетінің, Д.Калматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледждің оқу-клиникалық базасы болып табылады.

Негізгі қызмет түрі- халыққа сапалы әлеуметтік бағдарланған алғашқы медициналық-санитарлық көмек және мамандандырылған, стационарлық-ауысымдық көмек көрсету.

№1 емханада инновациялық денсаулық сақтау бағдарламалары жүзеге асырылуда:

  •      Балалар ауруларын кешенді басқару
  •      Қауіпсіз аналық       

 

     Қызметкерлер саны :57 дәрігер және 137 орта медицина қызметкері, жоғары,бірінші,екінші медициналық біліктілік санаты бар.

     Қызмет көрсетілетін халық саны 30136 адамды құрайды

         оның ішінде 0-ден 14 дейінгі балалар-6832,

              жасөспірімдер - 961

              ересектер-22343

              фертильды жастағы әйелдер-7330.

 

Тексерілген және танылған мемлекеттік стандарттар талаптарына сай.: 

    Мемлекеттік лицензия № 002391DF 06.08.2014жылы медициналық қызметке қосымшаларымен

    Денсаулық сақтау саласындағы аккредитация туралы күәлік екі жылға 05.12.2016ж №KZ213VEG600006351

 

№1 емхана - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің конкурсының 2011 жылы жеңімпазы «Еліміздің үздік поликлиникасы», Республикалық денсаулық сақтау орталығының ресми деректері бойынша», 2015-2016 жылдары амбулаториялық клиникалар арасында №1 емхана республика бойынша екінші орынды иеленді,аймақ бойынша бірінші орын алды.

 

 

Құрметті емделушілер! 

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ШЖҚ КМК"Семей каласының №1 емханасы" МКК жеңілдік рецептерімен дәрі- дәрмектер мен балалар тағамын жіберу бойынша дәріхана жұмыс істейді.  

 

Дәріхана емхананың бірінші қабатында орналасқан, жұмыс кестесі сенбі, жексенбіден басқа күндері апта бойы сағ. 8.00 бастап 17.00 дейін, түскі үзіліс сағ. 12.00- ден 12.30- ға дейін

 

Құрметті емделушілер!

 

Емхананың жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағ 8:00 ден 20:00 дейін

 

                                  демалыс күндері сағ 9:00 ден 14:00 дейін