Печать

Күннің жылынуына, жердің көктеуіне байланысты табиғат аясына шығатындар көбейе түсті. Алайда, көкке шыққанда кенеден абай болу керек. Кене энцефалиті деген не? Кене арқылы қандай аурулар тарайды? Зиянды жәндіктен қалай сақтану керек? Baribar.kz түсіндіреді.

Кене деген қандай жәндік?

Көктемде қоршаған ортада түрлi жұқпалы ауруларды тарататын жәндiктердiң де белсендiлiгi арта түседi. Солардың бiрi — кене.

Кенелер — өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі. Кененің кей түрі ауыл шаруашылығына зор зиян келтірсе, кей түрінің пайдалы жақтары да бар. Паразитті тіршілік ететін кенелер жан-жануарлардың, адамның денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік етеді. Олардың көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар.

Кенелердің сан алуан топтары бар. Олардың ең көп тарағандары: жайылым кенесі, су кенесі, астық кенесі, қамба кенесі, өрмеккене, берішкене, мамықкене, шашкене.

Кене энцефалиті деген не?

Кене энцефалиті – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды.

Кененiң шағуы арқылы берiлетiн жұқпалы аурулар көктем-жаз айларында жиі кездеседі. Кененiң шағуын дер кезінде байқау қиын. Себебі кене өз денесiнен арнайы ферменттер бөлiп, шаққан орнын бiлдiрмеуге тырысады. Тұмсығын терi қабатына енгiзген кене, майда қан тамырларынан қоректене бастайды. Сол жерде тойған мезетте бiрнеше мың жұмыртқаларын терi астына тастап, сол мезеттен бастап ауру белгiлерiн шақыра бастайды.

Кене шағу белгілері

Кене шағып алса…

 

Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше денсаулық сақтау орындарына барған дұрыс. Егер оған баруға мүмкіндіктер болмаса онда арнайы тәртіптерді сақтай отырып, денедегі кенені алып тастау керек. Оны бірден жұлып алған жағдайда, мұртшалары теріде қалып кетуі мүмкін. Сондықтан, барынша абайлап алу керек.

Кене шағып алған күннің өзінде абдыраудың қажеті жоқ. Тек мына алғышарттарды есте сақтау керек:

Қалай сақтану керек?

Табиғат аясында демалып үйге келгеннен кейін денедегі киімдеріңізді қағып, жақсылап қарап шығыңыз. Әсіресе, құлақтың артын, басты, шаштардың, саусақтардың арасын тексеріп шығыңыз.

Ал табиғат аясына шыққанда мына қарапайым ережелерді сақтану керек:

Көп адамдар кенеге қарапайым жәндік ретінде қарайды. Кене шағып алған жағдайда дәрігерге қаралудың қажеті шамалы деп ойлайды. Кене энцефалиті адам өміріне қауіпті аурулар туғызады. Сондықтан, емханаға қаралуды кейінге қалдырмаңыз.

  

https://baribar.kz/59063/keneden-qalaj-saqtanu-kerek/