Печать

Бүгін 2022 жылдың 23 тамызында егуге наразы болған ата-аналармен сұхбат өткізілді. Оған Емханамыздың белді мамандары қатысты. Тәжірибелі педиатр А.Дроздова өзекті жұқпалы аурулар және егуден бас тарту салдары туралы дәріс оқып, ата-аналар тарабынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Төменде жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар берілген.

Неге екпе жасатудан бас тартады?

Жыл сайын республика бойынша ресми түрде тіркелген діни конфессияларында екпе жасатуға тыйым салынбағандығына қарамастан, балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-ана саны, әсіресе көптеген жағдайда діни нанымы бойынша, көбейіп бара жатыр.

Қол жеткізген жетістіктерге байланысты, қаншалықты инфекциялар ауыр өтетіндігін, кейбір тұлғалар ұмыта бастады. Инфекциялар қайтпасқа жойылды деген жалған ұғым пайда болды. Сәйкесті иммунизациялау шарасын іске асыру деген қажеттілікте күмән туындады. БАҚ-та және интернете вакцинациядан кейін шыққан асқынулар жайлы жағымсыз ақпарат көбейіп кетті (аутизм, ДЦП деген). Мұндай ақпараттың іс жүзінде ешқандай дәлелдемелері жоқ.

Мектепке немесе бала-бақшаға екпе жасалмаған баланы қабылдай ма?

  

Ата-анасының профилактикалық екпені жасатудан бас тарту баласын ұйымдастырылған ұжымдарына балаларды қабылдаудан бас тарту себебі болып танылмайды. Инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, екпе жасалмаған балалар арасында ауруға шалдығу қатері өте жоғары, әсіресе ауыр асқынуларымен және өлім-жітім оқиғаларына соқтыратын оқиғалары. Осыған байланысты балалар ауруынан толық сауыққанша, балалар мекемесіне бармауы керек, өйткені олар инфекциядан қорғалған.

Инфекциялық аурулардың өршуіне жол бермеу мақсатында, профилактикалық егулерді алғаннан кейін ұйымдастырылған ұжымдарға балаларды қабылдау ұсынылады.

«Шариғат вакцинацияға қарсы емес. Вакцинаны ерікті түрде кез келген адам ала алады. Алла Тағала қасиетті Құранда «Өз қолдарыңызбен өз жандарыңа, денсаулықтарыңызға зиян тигізбеңдер» дейді. Қазіргі кезде көптеген дін қызметкерлері, имамдар вакцина алды. Ал орталық аппаратқа, ҚМДБ-ға келсек, қызметкерлердің 90 пайызға жуығы егілді. Шариғат ел амандығы үшін, адамның амандығы үшін соған үндейді, насихаттайды», бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Тұжырымдама:

Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды. 

Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді.