БҮГІН, 2022 ЖЫЛДЫҢ 18 МАМЫРЫ КҮНІ БІЗДІҢ ЕМХАНАМЫЗДЫҢ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛЫНДА, ДӘРІГЕРЛЕР мен орта медициналық қызметкерлер алдында, Семей қаласының маслихат депутаты С.Р.Ахметов және Қалалық қоғам кеңесінің өкілі В.Н. Халин, алдағы, 2022 жылдың 5 маусымында өткізілетін Республиканың  Ата- заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша Республикалық референдум жайында үндеу жасады. Біздің еліміздің қолданысындағы саяси модельді жүйелі түрде жаңғырту, елді басқаруға халықтың кеңінен қатысуы және басқа да түбегейлі реформалар туралы сөз айтылды. Барлық қатысқандарға Референдум туралы «Вести» газетінің арнайы шығарылған даналары таратылды, онда осы қомақты шара жөнінде, сайлау участкелер туралы жазылған.

Бәріміз жұмылып белсенділік танытайық. Ертеңгі өмір-тіршілігімізді жақсарту, кәсібіміздегі оң өзгерістерді жасату мақсатында, бейбіт және жарқын болашағымыз үшін өз үлесімізді қосайық.