КВИ бойынша карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқарады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы карантин мерзімдеріне қатысты көзқарасты қайта қарау туралы хабарлады.

 ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында карантин мерзімдеріне және тиісінше "Ashyq" мәртебесінің өзгеру мерзімдеріне қатысты ақпаратпен бөлісті.

 "Науқаспен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14 күннен 10 күнге дейін қысқартылды. Сонымен қатар, 7 тәулікке ПТР-зерттеудің теріс нәтижесі болған жағдайда карантин аяқталады", - деп атап өтті.

 Бұл ретте, егер қандай да бір себептермен 7 тәулікке ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин ПТР тестін қосымша тапсырусыз 10 күнде аяқталады.

 Бұл өлшемдер бас мемлекеттік дәрігердің шектеу шаралары жөніндегі қаулыларында және "Ashyq" жұмыс ережелері мен мәртебесінің өзгеруін айқындайтын қаулыда көрініс тапты.

Срок карантина по КВИ сокращается до 10 дней - Минздрав РК

О пересмотре подхода к срокам карантина сообщила глава Минздрава РК.

Министр здравоохранения РК Ажар Гиният на заседании Правительства информировала о пересмотре подход к срокам карантина и соответственно сроков изменения статуса в «Ashyq».

«Срок карантина для близких контактных и бессимптомных больных сокращен с 14 до 10 дней. При этом, при наличии отрицательного результата ПЦР-исследования на 7 сутки, карантин завершается», - доложила она.

При этом если по каким-то причинам ПЦР-тест на 7 сутки не сдан, то карантин завершается на 10 день без дополнительной сдачи ПЦР теста.

Данные критерии нашли свое отражение в постановлениях Главного государственного врача по ограничительным мерам и в постановлении, определяющим правила работы и изменения статуса в «Ashyq».