БҮГІН, 2022 ЖЫЛДЫҢ 18 МАМЫРЫ КҮНІ БІЗДІҢ ЕМХАНАМЫЗДЫҢ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛЫНДА, ДӘРІГЕРЛЕР мен орта медициналық қызметкерлер алдында, Семей қаласының маслихат депутаты С.Р.Ахметов және Қалалық қоғам кеңесінің өкілі В.Н. Халин, алдағы, 2022 жылдың 5 маусымында өткізілетін Республиканың Ата- заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша Республикалық референдум жайында үндеу жасады. Біздің еліміздің қолданысындағы саяси модельді жүйелі түрде жаңғырту, елді басқаруға халықтың кеңінен қатысуы және басқа да түбегейлі реформалар туралы сөз айтылды. Барлық қатысқандарға Референдум туралы «Вести» газетінің арнайы шығарылған даналары таратылды, онда осы қомақты шара жөнінде, сайлау участкелер туралы жазылған.
Бәріміз жұмылып белсенділік танытайық. Ертеңгі өмір-тіршілігімізді жақсарту, кәсібіміздегі оң өзгерістерді жасату мақсатында, бейбіт және жарқын болашағымыз үшін өз үлесімізді қосайық.
ӨКПЕНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ОБСТРУКЦИЯЛЫҚ АУРУЫ
2022ж. 11 мамыр күні учаскелік дәрігер Д.М. Кайралинов «Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА)» тақырыбы аясында дәріс оқыды. ӨСОА этиологиясы мен патогенезі бойынша замануаи көзқарастар ұсынылды. Ауыртпалық дәрежесенің жіктемесіне, GOLD бойынша ауа ағыны жылдамдығын шектеу мәселесіне, клиникалық көрінісіне, диагностикасына, диффеенциялдық диагностикасына, дертті емдеу түйіткілдеріне тоқталды. Бұған қоса mMRC (Modified Medical Research Council Dyspnea Scale), САТ (СOPD Assesment Test) тесттеріне сәйкес түрлендірілген шкалалары таныстырылған. ӨСОА кезіндегі COVID-19-дың алдын алу сауалдары және GOLD 2020- дағы негізгі өзгерістері айшықталған.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы – бастапқыда шырышты қабат, кейіннен үдеріс үдеген сайын бронхтардың тереңірек қабаттары мен перибронхиалды дәнекер тінін зақымдайтын, өкпе жолдардың созылмалы қабынуы. Онымен көбіне кәрі жастағы ер кісілер ауырады. Созылмалы бронхитпен аурушаңдық адам өмірінің алтыншы және жетінші онжылдығында артады, ал бұл аурудан өлімге алып келуі сегізінші онжылдықта байқалады.
Клиникасы
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының негізгі белгілерінің қатарына: жөтел, қақырық тастау, ентігу, ал аускультацияда – қатты тыныс пен сырылдардың естілуі жатады. Созылмалы бронхит біртіндеп дамиды және кеш анықталады, себебі ұзақ уақыт бойы науқасты аз мазалауы мүмкін. Клиникалық көрінісі бронхиалды ағаштардың (жолдардың) зақымдау деңгейімен байланысты көрінеді.
Қабыну үдерісі ірі және орта бронхтарды қамтитын проксималды бронхитте, аз мөлшерлі қақырықты жөтел байқалады, ентігу болмайды, қатаң тыныспен бірге төмен тембрлі құрғақ сырылдар естіледі. Бронхиалды өткізгіштік бұзылмаған. Бұл созылмалы обструктивті емес бронхит немесе «ентігусіз бронхит» болып табылады.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруында тек қана жөтел ғана емес (қақырықты немесе қақырықсыз), сонымен бірге, бірінші кезекте, ентігу («ентігулі бронхит») байқалады. Қабыну үдерісі ұсақ бронхтарда («дисталды бронхит») орналасады. Қатаң тыныс пен бірге ысқырықты сырылдар естіледі. Сыртқы тыныс қызметін тексергенде бронх өткізгіштігінің бұзылуы анықталады.
- Бронхиттің өршуі көбіне қалыпты температурамен өтеді, дененің жоғарғы бөлігінің (бас, мойын) терлегіштігі байқалады, жөтел күшейеді, қақырық көлемі артады.
- Аздап өршу кезінде қақырық шырышты – іріңді, дене температурасы қалыпты немесе субфебрильді, шеткері қан көрсеткіштері аз өзгерген. Айқын өршу кезінде қақырық шырышты – іріңді, құрамындағы лейкоциттер жоғары мөлшерде болады. Обструктивті өзгерістер үдеген кезде ентігу күшейеді созылмалы обструктивті бронхиттің үдеуі тыныс және жүрек жеткіліксіздігіне алып келеді.
Емі мен күтімі.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы өршіген кездегі ем келесі сызбадағыдай жүргізіледі:
- бронх өткізгіштігін қалпына келтіру (бронхоспазмолитиктер көмегімен дренаждау, постуральды дренаж, іріңді бронхитте – бронхоскопия кезіндегі дренаждау);
- микрофлора сезімталдығы мен дәрінің улылығын ескере отырып антибактериалды ем;
- антиаллергиялық және дезинтоксикациялық заттар;
- емдік дене тәрбиесі (тыныстық, дренаждық жаттығулар);
- жалпы қуаттандырушы ем (физиотерапия, дәрумендер, уқалау).
Қатты жөтел кезінде жөтелге қарсы дәрілер қолданады. Егер қақырықты жөтел болса, онда жөтелді төмендететін, бірақ қақырықтың бөлінуін төмендетпейтін, екі фазалы жөтелге қарсы заттар (интуссин, балтикс және т.б.) қолданылады.
Обструктивті бронхитте бронхоспазмды тыю үшін бронходилататорлар: спазмолитиктер (изадрин, сальбутамол, тербутамин); фосфодиэстераза тежегіштері (теофиллин туындылары) қолданылады. Спастикалық синдромды дереу тыю үшін: беротек, венталин, атровент, беродуал дәрілерін тағайындайды.
Бронхтардың дренаждық қызметін жақсарту үшін қақырық түсіретін, қақырықты жібітетін заттар беріледі. Егер бұл дәрілерді қақырықтың тұтқырлығы мен эластикалық қасиеттерін ескере отырып қолданса, тиімділігі жоғары болады. Тұтқырлығы жоғары болса, тиол туындыларын – ацетил – цистеин (мукосальвин) немесе протеолитикалық ферменттер (трипсин, химотрипсин) қолданылады. Адгезивті көрсеткіштері жоғары болса, онда сурфактанттың түзілуін жақсартатын дәрілер (бромгексин) бөлінді (секрет) регидратанттар, минералды тұздар, эфир майларын қолданады. Егер қақырықтың реологиялық қасиеттері өзгермесе, бірақ мукоцилиарлы тасымалдау жылдамдығы төмендесе, теофиллин туындылары мен β – 2 симпатомиметиктер – теолонг, теопек және т.б. тағайындалады.
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар науқастар басқа ауруларының әсерінен ұзақ уақыт төсек тартып жатса, бронхтардың дренаждық қызметі бұзылуы нәтижесінде өкпенің жеке бөліктерінде коллапс туындайды. Сондықтан ондай науқастарды төсекте қимылын ауыстырып отыру, оларға жартылай отыру қалпын қамтамасыз ету, тыныс жаттығуларын жүргізу, мөлшерлі физикалық жаттығулар жасату қажет.
Гипоксиямен күрес үшін міндетті түрде оттегі қоспасын, оттегілік бөлме тағайындау керек. Оксигенотерапия үзілісті болуы керек және оттегінің мөлшерін біртіндеп жоғарылатады (бас айналу, құсу, тұншығу, тыныс алу орталығының тежелуінің алдын алу үшін). Оны бронхолитикалық заттарды қолданумен қатар жүргізген жөн.
Жүрек гликозидтері қанайналым жеткіліксіздігі белгілері кезінде көрсетілген. Көп мөлшерлі қақырықты созылмалы бронхит кезінде жазық кеңістікте, қайыңды орманда, таулы климат жағдайларындағы (теңіз деңгейінен 1000-1200м жоғары емес) санаторлы-курорттық ем тиімді болады.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұдан кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
Келесі жылы, яғни, 1992 жылдың 7 мамырында Президент Н.Ә.Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз қолына алды.
Президенттен басқа, қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағанбетов тағайындалды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды. Осы күні Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаев әскери саладағы үздіктерді марапаттап, әскери атақтар тағайындайды. Елімізде әскери реформаның концепциясы жасалып, қорғаныс саласының түрлі сұрақтарын қамтыған әскери құрылымның мемлекеттік бағдарламасы қабылданған.
2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді. Біздің арамызда әскери қызметте болған ер азаматтар бар, келешекте әскер қатарына енуге мүмкіндігі бар бозбалалар да жетеді. Және біреудің жан жолдасы, ағасы, әкесі әскери қызметші болуы ықтимал. Осындай адамдарды біз "Отан қорғаушылар күні" мерейлі мерекесімен құттықтаймыз! Отанымыздың тірегі болар азаматтарға мықты денсаулық тілейміз!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні — жалпыхалықтық мерекемен, жігерлі адамдар және ерік күші иелері күнімен құттықтаймыз!
Ықылас тілекпен Емхана әкімшілігі!
Жыл сайын мамыр айының 12 жұлдызында Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Жұрт бұл күні ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе, осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі айрықша көрініп тұрады.
Бір жеріміз ауыра қалса алып ұшып кімге барамыз? Әрине, емханаға, дәрігерге жүгіреміз. Солардан көмек сұраймыз. Ал жылына бір келер айшықты мерекеде тіршілікке күретамыр болған ізгішуақ жандарды мерекесімен құттықтау игі дәстүрге айналса құба-құп. Өмірге сән, тіршіліккке нәр беріп, қоғамға қалтқысыз қызметін ұсынып, мейірімділік пен жылылықтың символына айналып, игілікті мамандық иесі атанған мейірбике ісі қашанда сый-құрметке лайық. Осындай азаматшалар арамызда, олар: Емхананың бас мейірбикесі Нұргүл Тургазиновна Ұзақова, аға мейірбикелер К.Абдрахманова, Р.Наубетжанова, Г.Кабытаева, Н.Шакенова. Және аты аталмай кеткен көптеген адал еңбекқор жандардың мейрамы.
Бұл арада, жақында арамыздан кеткен мейрбике Жаманшалова Төлеш Қадесбековнаны ерекше атап өткен жөн. Ақырға дем бергенше ол бар күш-қайратын ортақ ісімізге жұмсаған. Халық денсаулығын жақсарту, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, медициналық алғашқы жәрдемді жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау, аурудың алдын алу бағытындағы скринингтік тексерулер, тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу, басқа да қаншама шаралардың жүзеге асырылуындағы мейірбикелердің қызметтік міндеттері, науқасты қабылдағаннан бастап, оны емдеу барысындағы барлық күйбең тіршіліктің бел ортасында жүретін мейірбикелер еңбегі шынында ұшан-теңіз.
Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен құттықтай отырып, «ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер» деген тілектеміз.
Зор ілтипатпен Емхана әкімшілігі!
5 мамырда кәсіби мерекені керемет мамандық иелері атап өтеді, оның көмегімен қамқор қолдары барлығының қолынан өтті. бұл Халықаралық акушерлер күні (Халықаралық акушерлер күні)
Бұл күні емханалар мен ауруханалардың, перзентханалардың, перинаталдық орталықтардың, отбасын жоспарлау орталықтарының перзентханаларының акушерлеріне, фельдшер-акушерлеріне құрмет көрсетіледі. Еңбектегі кез-келген ананың және әр баланың денсаулығы, кейде тіпті олардың өмірі көбінесе олардың кәсібилігіне, білімі мен тәжірибесіне байланысты болады.
Акушерлер күнінің идеясы 1987 жылы Нидерландыда өткен Халықаралық акушерлер конфедерациясының конференциясында ұсынылды. Ол 1992 жылдан бері жүйелі түрде өткізіліп келеді және бүгінде Ресей мен Беларуссияны қоса алғанда 50-ден астам елде атап өтіледі.
Халықаралық акушерлер күні - бұл кез-келген акушер мамандыққа қатысты барлық адамдар туралы ойлануға, жаңа байланыстар орнатуға және акушерлердің әлем үшін не істейтіні туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 2015 жылға дейін Халықаралық акушерлер конфедерациясы бұл күнді акушерлердің қажеттілігі туралы хабардар ету кампаниясының шеңберінде «Әлемге бұрынғыдан да көп қажет» ұранымен атап өтілген.
Біздің ұжымымызда тәжірибелі, өз ісіне адал акушерлер қызмет етеді, олар: Е.Маленко, М.Құрманғалиева, Г.Кенжина, Р.Ахметова ж.т.б. Мейірімі мен энергиясын әрбір келген әйел адамға жұмсап, құрметке бөленеді.
Осылайша, әріптестерімізді акушерлер күнімен құттықтаймыз!
Қажымас қайрат, денсаулық, еңбектегі табыстар тілейміз!
Зор тілекпен Емхана әкімшілігі!